Дүйсенбіде елдің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Астанада түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы екпіні 23-28 м/с болады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік–батыстан соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде күші 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстік жартысында, күндіз солүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауыстын жел соғады, түнде облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.