Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тауда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті

Алматы облысы ТЖД, тау, қар көшкіні, турист, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 12:49 Сурет: unsplash
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті бүгін, 2023 жылғы 4 желтоқсанда қала тұрғындарына, туристтер мен демалушыларға арнап үндеу жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті тауларда қар көшкіні қаупі бар екенін ескертті.

"Алматы облысының тауларында 2023 жылғы 5 желтоқсан мен 8 желтоқсан аралығында көшкін қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды", – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар.

"Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады", – дейді төтеншеліктер.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: