Жаңалықтар тізбегі
0

Балалар мен жасөспірімдер спортына басымдық беріледі

Су добы, су спорты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 13:15 Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Жамбыл облысының Тараз қаласында жас су добы спортшыларына жаңа ресми доп табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның спорт мектептерін сапалы мүкәммалмен қамтамасыз ету жобасы аясында су спорты түрлері федерациясы ҚР Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп "Самұрық – Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Sport Qory" спортты қолдау қоры серіктестерінің сондай-ақ федерацияның демеушісі – Qazaq Oil компаниясының қолдауымен федерацияның бұл бастамасы бүгінгі күні жүзеге асырылуда.

Бұл жаңа ресми доптар еліміздің барлық аймақтарына су добы спорты дамып жатқан балалар спорт мектептері мен клубтарына тегін таратылады.

"Тараз-Арена" спорт кешенінің бассейнінде спортшыларымызға жаңа доптар табысталып, 13 жас және одан кіші ұлдар мен қыздар командасының матчтық кездесулері өтті.

"Өңірлерде балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту жоғары жетістіктер спортының іргетасы болып табылады. Сондықтан, жастайынан спортшылардың заманауи бассейндерде, үздік жаттықтырушыларда және сапалы мүккамалмен жаттығу мүмкіндігіне ие болуы өте маңызды. Дәл осы жол жас спортшыларды шеберліктің шыңына және үлкен жетістікке жетелейді", – деп атап өтті ҚР су спорты федерациясы техникалық комитетінің төрағасы Алан Балфанбаев.

Жамбыл облысы Республиканың әйелдер су добын дамытудың орталығы болып табылады.

1986 жылы Жамбыл қаласындағы "Дельфин" бассейнінің базасында құрылған "Химик" әйелдер су добы командасы бірнеше рет КСРО чемпионаттарының жеңімпазы және жүлдегері, КСРО Кубогының иегері болды, ТМД-ның ең мықты командаларының бірі саналды.

Бұл келелі дәстүрді ҚР Ұлттық құрама командасының негізі болып табылатын "Айша-бибі" су добы қыздар клубы жалғастыруда. Бүгінде Жамбыл облысындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен клубтарында 150-ден астам қыз және 160 жасөспірім су добымен айналысады.

"Жамбыл облысының әкімдігі балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға басымдық береді. Су добы - Олимпиада ойындарына үнемі қатысатын және Азия ойындарынан медальдар әкелетін жалғыз ойын спорты болып табылады. Жамбыл облысы Олимпиада ойындарының 17 қатысушысын және су добынан Азия ойындарының 5 чемпионын дайындады, бұл өңірдегі спорт түрінен дамудың жоғары деңгейін көрсетеді. Мемлекет тарапынан және федерацияның қолдауы оның дамуына айтарлықтай және маңызды көмек көрсетуде", – деп атап өтті өз сөзінде Жамбыл облысы спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов.
Су добы, су спорты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 13:15

Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының су спорт түрлері федерациясы туралы

Су спорты федерациясы - қоғамдық ұйым, Қазақстан аумағындағы барлық су спорт түрлері үшін: жүзу, су добы, артистік жүзу, суға секіру және ашық суда жүзуден басқарушы орган болып табылады. Asia Aquatucs құрлықтық су спорты федерациясының және World Aquatics дүниежүзілік федерациясының мүшесі.

Су спорты түрлері республиканың барлық 20 өңірінде қалыпты дамуда.

Федерацияның серіктестері "Самұрық-Қазына ҰӘҚ" акционерлік қоғамы және Sport Qory спортты қолдау қоры болып табылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: