Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында оқушылар арасында болған жаппай төбелестің егжей-тегжейі белгілі болды

төбелес, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 23:44 Сурет: видео скрині
Алматы облысында оқушылар арасында болған жаппай төбелестің егжей-тегжейі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, төбелескендер бес мектептің оқушылары екен. Әу баста футболға жиналған бір топ баланың бөлініп, кейін бірін-бірі аяусыз соққыға жығуына екі оқушының арасындағы кикілжің себеп болған. Мектеп директорының сөзінше, оңбай таяқ жеген бір бала қазір бас жарақатымен ауруханада жатыр.

Арықтың бойында бір-бірін қуып, қалып қойғаны жеке-жеке төмпештеп жатқандар да, оңбай таяқ жегендер де - Жәпек батыр ауылындағы оқушылар. Басым бөлігі 9, 10-сыныпта оқиды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, арасында кішілері де, тіпті мектеп бітіріп кеткені де бар.

"Футбол ойнаған балалар дейді. Футбол ойнап, жеңілген команда мен жеңген командамен осындай кикілжің болған дейді. Біздің мектептен 13 бала қатысқан. "Біз білмедік апай, Мадияр былтыр бір нәрсе айтқан мен туралы, соны неге айттың деп сұрап едім, ол маған секірді" дейді. "Мен үлкен болғаннан кейін оған жауап қайтардым" дейді. Енді күнделікті бірге жүріп, бірге ауылға қайтып, бір ауылда ойнап жүрген балалар ғой", - дейді №51 орта мектеп директорының міндетін атқарушы Шәпия Бектұрғанова.

Желіде оңбай таяқ жеген 4 оқушы жансақтау бөлімінде жатыр деген ақпарат тараған еді. Бірақ мұны полицейлер де, дәрігерлер де растамады. Десе де мына мектеп директоры жаппай төбелестен әбден соққы жеген 9-сынып оқушысының миы шайқалып, ауруханаға түскенін айтып отыр.

"Біздің мектептен екі оқушы қатысқан. Телефонмен досы "Тез келіп жет" деген. Өздері де төбелес болғанын білмей барған. Барған бойда бір бала қашып үлгерген, екінші баланы сол жерден ұстап соққан. Ол баланың миы шайқалған, ауруханада жатыр, ертең шығады", - дейді №19 орта мектептің директоры Маржан Бейсембаева.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында оқушылар арасында жаппай төбелес болғанын жазған едік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: