Алматы облысында оқушылар арасында жаппай төбелес болды
Сурет: pixabay
Алматы облысында жасөспірімдер арасындағы жаппай төбелеске байланысты полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Төбелеске қатысқан балалармен психологтар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтің айтуынша, Instagram әлеуметтік желісінде мектеп оқушылары арасындағы жаппай төбелестің бейнежазбасы тараған. Бейнежазбаны танымал Telegram арналарының бірі де жариялады. Жарияланған бейнежазбадан жасөспірімдердің бір-бірін аяусыз соққыға жыққанын көруге болады.
Полицейлер дереу тергеуге кірісіп, бейнежазбадағы төбелес Іле ауданы Жәпек батыр ауылында болғанын анықтады.
"Бұл дерек дереу аудандық полицияда ҚР ҚК 293-бабы бойынша тіркелді. Тексеру барысында 29 қараша күні 2008 жылғы 9-сынып оқушысы мен 2007 жылғы 10-сынып оқушысы арасында келіспеушіліктер туындап, кейіннен жаппай төбелеске ұласқаны анықталды". Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов
Бұған қоса жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127, 435-баптары бойынша 17 әкімшілік хаттама толтырылғаны мәлім болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript