Қызылорда облысында жаппай төбелес болды

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, төбелес, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2023 10:49 Сурет: Zakon.kz
22 қаңтарда Қызылорда облысында спорт клубының жанында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысының полиция департаментінің мәліметінше, 22 қаңтар күні сағат 19:30-да Қазалы ауданындағы спорт клубы ғимаратының жанында төбелес болған.

Оқиға орнына полиция мен жедел-тергеу тобы келді. Төбелес тоқтатылды. Сегіз адам полиция бөліміне жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Полицияға шағымдар мен хабарламалар түскен жоқ. Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Бұл факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 2-баптың 1-тармағымен тіркелді. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.




Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: