Алматыда барлардың бірінде жаппай төбелес болды
Сурет: Zakon.kz
Өткен аптаның соңында Алматыдағы "Крафт" барында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, бір топта 4 жігіт, екіншісінде бір жігіт пен екі қыз болған.
Бұл мекемеде кальянға не араластыратынын білмеймін, бірақ қыздарды да жігіттер сияқты ұрып-соққан, – деп жазды журналист.
Айта кетейік, бұл факті бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасының аумаққа жауапты бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.
Жәбірленушілер алған дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, шешім соның қорытындысы бойынша қабылданады. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қазір криминалдық полиция бөлімшесі күдіктілерді ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript