Алматыдағы түнгі ойын-сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2026 17:58 Фото: Zakon.kz
Алматыдағы ойын-сауық орындарының бірінде жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Түрксіб ауданында болған.

Төбелеске қызғаныш себеп болған.

"Алдымен екі әйелдің арасында жанжал шыққан. Алайда сөзге келу тез арада төбелеске ұласқан. Оқиғаға басқа келушілер де араласқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, жанжалды тоқтатты. Барлық қатысушы мән-жайды анықтау үшін Түрксіб аудандық полиция басқармасына жеткізілді", – деп хабарлады полиция департаменті 2026 жылғы 5 қазанда.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қатысушылардың барлығы мас болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ әр қатысушының рөлі мен кінә дәрежесі анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: