Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 15 млн тоннаға жетті

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 15 млн тоннаға жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2023 11:00 Сурет: pixabay
Достық станциясындағы бұл жаңа терминал екі ай бұрын ғана ашылған. Тәулігіне 8 пойызға қызмет көрсетуге қауқарлы. Жаңа технология контейнерлерді жылдам тасымалдауға мүмкіндік бермек.

Жүк контейнерлерін түсіріп, тиейтін бұл крандардың ерекшелігі жылдамдығы секундына 28 метр жел соқса да жұмысын тоқтатпай істей береді. Дәл қазір бұл терминалда екі кран бар. Келесі жылы тағы да біреуін орнату жоспарланып отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

"Бүгінгі таңда 110 қызметкер бар. Бізде вахталық метод болып есептеледі. 15 күн демалып, 15 күн жұмыс жасайды. Бір вахтада алпыс, жетпіс кісіге дейін болады ғой." Асхат Сүлеев, Бас Инженер

Жалпы Достық станциясында он бес терминал бар. Оның бесеуі тек контейнер тиеумен айналысады. Президент жолдауына сәйкес алдағы уақытта терминал санын еселеу жоспарланған.


"Бүгінгі күнге біз 15-16 поез тапсырып жатырмыз. Алдымызда Қытай мемлекетімен үлкен жиналыстар өткізіп, тапсыру жағын одан да үлкейтсек пе деген жұмыстар атқарылып жатыр.18 поезға шейін жұмыс атқарамыз." Мақсат Мәмбетқұлов, Достық станциясының бастығы

Достық станциясында контейнерлерден бөлек автокөлік тасымалдау жоспарланған. Терминалда қазір осы жоба бойынша дайындық жұмыстары пысықталуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: