Сарапшылар Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желілерді атады
Сурет: pixabay
Сарапшылар Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желілерді атады. Pinterest әлеуметтік желісі сұраныс бойынша бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Finprom.kz 5 желтоқсанда хабарлағандай, Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желілер (2023 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша) белгілі болды. Соынмен ең танымал әлеуметтік желілер рейтингі мынадай болды:
- Pinterest (28,1%);
- YouTube (20,64%);
- Facebook (18,1%);
- Instagram (10,16%);
- X (Twitter, 9,82%).
"ВКонтакте" әлеуметтік желісі (8,65%) танымалдығы бойынша алғашқы бестікке жақындады. Жалпы, жыл бойына Pinterest, YouTube және Facebook қазақстандықтар арасында сұраныс бойынша көш бастады. Тек қыркүйекте олар "ВКонтакте" мен Instagram-нан озып кетті.
Жеке компьютерде, смартфондар мен ноутбуктерде қазан айында ең танымал әлеуметтік желі Pinterest болды, ал Facebook планшеттерде көбірек қолданылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript