Қазақстандағы имамдарға әлеуметтік желілерді жүргізуге тыйым салынуы мүмкін бе
Сурет: Zakon.kz
Мәдениет және ақпарат Вице-министрі Қанат Ысқақов 6 маусымда Сенат аясында Қазақстандағы имамдарға әлеуметтік желілерді жүргізуге тыйым салынуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстандағы имамдарға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынған болатын. Мұндай шешім желідегі кейбір рухани көшбасшылардың даулы сөздерінен кейін қабылданды.
"Әрине, біз көршілердің бұл тәжірибесін білеміз. Алайда, менің ойымша, әлеуметтік желілер де өз уммасымен, өз азаматтарымен байланыс құралы. Сондықтан біз әзірге басқа нұсқаларды қарастырып жатырмыз, бірақ әлеуметтік желіні жүргізуге тыйым салуға келетін болсақ, мұндай сұрақ туындамайды", – деп жауап берді мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов.
Журналистер сонымен қатар вице-министрден "шектеулердің басқа нұсқалары" дегенді нақтылап өтті.
"Бұл қарым-қатынастың басқа нұсқалары. Офлайн, онлайн, ағындар бар. Әлеуметік желі өзіңіздің қауымдарыңызбен қарым-қатынас жасаудың бір нұсқасы сияқты. Бірақ күн тәртібіне тікелей шектеу қоюдың қажеті жоқ", – деді Қанат Ысқақов.
2023 жылдың қараша айында Мәжіліс депутаттары Қазақстан мектептерінде діни әдебиеттерге тыйым салынатын заң қабылдады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript