Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда босанған әйелдің өліміне кінәлі дәрігерлерге сот үкімі шықты

сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2023 22:09 Сурет: Zakon.kz
Атырауда ана өліміне кінәлі деп танылған дәрігерлерге сот үкімі шықты. Істі болған алтауының үшеуі ақталып, біреуі екі жарым жылға сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, тағы екі медициналық қызметкер шартты жазамен құтылды. Енді олар үш жылға дейін өз мамандығы бойынша жұмыс істей алмайды

"Құлап қалу туралы уәждерін сот ешқандай негізге алмайды. Себебі ол еш дәлелін тапқан жоқ. Алу мүмкіндігін көп пайызда растаған, босану сәтін де, сол босанғаннан кейін көп кешікпей алған жарақаты бейнежазбада нақты көрінген. Босану залында да шағымды сол жерде айтып, баласын үстінен алып тастауды айтып, сол жақ қабырғасын көрсеткені соған дәлел бола алады".Атырау №2 сот судьясы Эльмира Ойқұлова

Айта кетейік, былтыр қаңтар айында Атыраудағы модуль ауруханада аман-есен босанған ана келесі күні жатырынан қан кетіп, ота үстінде қайтыс болды. 37 жастағы марқұмның артында төрт баласы жетім қалды. Қайтыс болған әйелдің жұбайы мен туыстары бұл жағдайға дәрігерлерді кінәлаған. Өйткені олар босандырған кезде әйелдің денесін қатты жаншып, екі қабырғасын сындырып жіберіпті. Тіпті жас босанған ана қиналып жатқанда да қараусыз қалдырған. Оған қоса, медициналық мекеме науқасқа құятын қан таппаған.

Енді сотталушының әрқайсысы жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңгеден төлеугн тиіс. Алайда марқұмның туыстары сот үкіміне көңілі толмай, төрт баланы анасыз қалдырған дәрігерлердің қатаң жазалануын талап етіп отыр. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: