Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында жұмыс істемейтін дәмхананы тонап кеткен азамат ұсталды

Ақмола облысында жұмыс істемейтін дәмхананы тонап кеткен азамат ұсталды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2023 14:34 Сурет: Zakon.kz
Осы жылдың 30 қарашасында сағат 18:15-те Степногорск қаласының полиция басқармасына жеке кәсіпкердің ұрлық фактісі туралы өтініші келіп түсті.

Белгісіз адамдар жұмысын тоқтатқан дәмхананың терезесін зақымдау арқылы, демалыс және көлік жуу бөлмелерінен компьютерлік және тұрмыстық техниканы ұрлап кеткені анықталды.

Залал сомасы 885 мың теңгені құрады. Мекеме бейнебақылаумен жарақтандырылмаған, дегенмен қалалық полиция басқармасының криминалистері мен жедел қызметкерлері ұрлық жасады деген күдіктіні анықтады.

Бұған дейін ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 23 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу бөлімі осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: