Тоқаевқа еліміздің батыс өңіріндегі ең ірі үстел теннисі орталығының мүмкіндіктері таныстырылды

Үстел теннисі, Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақтөбе облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2023 20:21 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе қаласындағы үстел теннисі орталығына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке орталықтың директоры Әсет Сағымбаев нысанның жұмысы жайында мәлімет берді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған бұл спорт кешені халықаралық стандарттарға сай келеді, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің батыс өңіріндегі ең ірі үстел теннисі орталығының мүмкіндіктері таныстырылды.

Сурет: Ақорда

Кешеннің барлық корты сертификатталған және құрал-жабдықтары Еуропадан әкелінген. Мұнда әртүрлі жастағы кәсіби спортшыларды дайындауға және халықаралық, әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік бар.

Бүгінде орталықта 268 бала үстел теннисімен айналысады.

Мұның алдында Мемлекет басшысы Heriot-Watt университетінің Ақтөбе қаласындағы филиалын аралап көрген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: