Тоқаев теннисші балалармен жүздесіп, оларға сәттілік тіледі

Тоқаев Қызылордадағы Үстел теннисі орталығына барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2025 19:31 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласындағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кешенді салуға облыс бюджетін оңтайландыру барысында үнемделген қаражат есебінен 2,5 миллиард теңге қаралып, құрылыс былтыр қазан айында аяқталды. Сондай-ақ "Samruk Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 900 миллион теңге қаржы бөлді.

Сурет: akorda.kz

Заманауи үлгіде салынған орталықта 16 үстел теннисі орналасқан ойын алаңы, 350 көрерменге арналған орындар, жаттығу залы мен әкімшілік бөлмелер бар. Мұнда 52 қызметкер жұмыс істейді.

Бүгінде онда 280 бала үстел теннисімен тұрақты түрде шұғылданады.

Тоқаев теннисші балалармен жүздесіп, оларға сәттілік тіледі.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысқан еді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: