Шымкентте соңғы бір айда алимент бойынша борышкерлерге қатысты 11 қылмыстық іс тіркелді
Сурет: Zakon.kz
Қала прокуроры алимент төлеуден жалтарған борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін көтеріп, ағымдағы жылдың қараша айын "Алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерге қарсы күрес айы" деп белгіледі.
"Осыған байланысты алимент төлеу міндетін орындаудан жалтарып жүрген борышкерлерді Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 139-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тарту бағытында жұмыстары жандандырылды." Шымкент қаласының прокуратурасы
Ағымдағы жылдың қараша айында прокуратура қызметкерлерінің жүргізілген талдау жұмыстары нәтижесінде алимент төлеу міндетін орындамай жүрген 11 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді.
Тергеп-тексеру амалдары жүргізу нәтижесінде бүгінгі күні оның ішіндегі алимент берешектері 2млн. теңге және 381 мың теңге болған борышкерлерге қатысты қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды, ал қалған 9 қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Аталған істер қала прокуратурасының бақылауына алынып, осы бағытта жұмыстар жалғасуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript