Шымкентте өз ұлын өлтірді деген күдікке ілінген ер адамға қатысты жаңа дерек шықты
Сурет: pexels
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков қаладағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерде болған қанды оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шаһар басшысының айтуынша, марқұм болған жас жігіт алкоголизммен ауырған. Ал оны өлтірді деген күдікке ілінген әкеcі психикалық ауру – шизофрениямен есепте тұрған екен, деп жазды otyrar.kz.
Еске салайық, 1 желтоқсанда Шымкенттегі көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден жауыздықпен өлтірілген жас жігіттің мәйіті табылды. Оқиға таңғы уақытта болған. Мойын аймағында көптеген пышақ жарақаты бар ұлының денесін анасы тек кешкі уақытта тапқан.
Полицейлер күдікті ретінде марқұмның әкесін ұстады. Ол қанды оқиғадан соң дереу пәтерден шығып, бой тасалаған екен. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. "Адам өлтіру" бабымен тергеу амалдары жүргізіп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript