Димаш Құдайберген фортепианода қазақ шығармасын шебер ойнады
Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген фортепианода қазақтың халық әні "Құсни Қорлан" күйін орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Димаш қазір Венгрияда.
"Дәл қазір мен Венгриядамын. Жұмыс істеп жүріп, "Құсни Қорлан" атты халық әнін орындауды жөн көрдім", - деп жазды өнер иесі.
Жанкүйерлер оның өнерін қатты ұнатты:
- Фортепиано жанындағы сәнді кеш! Ән үшін, сиқырлы күй үшін рахмет, Димаш!
- Сіз ойнаған кезде маған қатты ұнайды! Көзімнің көзайымы, құлағымның құрышы қанды! Осы сұлулық үшін рахмет! Мен сені жұлдыздарға дейін жақсы көремін!
- Қандай әдемі! Мамыр айында Будапештте кездескенше!
- Әдемі. Барлығы әдемі, музыка әдемі, фортепиано әдемі.
2024 жылдың 4 мамырында Димаш Құдайберген Будапештте жеке концертін өткізеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript