Қауіпсіздік және экология: "Қармет" компаниясының жоспарлары жарияланды

Компания инвестордың лауазымды тұлғаларының егжей-тегжейлі түсініктемелері кәсіпорын қызметіне талдау жүргізілгеннен кейін берілетінін хабарлайды., сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2023 16:13 Сурет: pixabay
Қазақстандық Qazaqstan Steel Group (QSG) компаниясы бұрынғы ArcelorMittal Temirtau кәсіпорындарының инвесторы болды.

Қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев өкілдік ететін Qazaqstan Steel Group Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігімен ArcelorMittal Temirtau активтерін сатып алу туралы келісімге келді.

Мәміле шарттарына сәйкес, QSG AMT активтерін 286 миллион долларға сатып алады және сонымен бірге төрт бірдей жылдық төлеммен төленетін 450 миллион доллар көлеміндегі кепілдік кейінге қалдырылған төлемдерді жүзеге асырады. Сонымен қатар, жабу кезінде AMT-ның өтелмеген компанияаралық қарызын төлеу ретінде қосымша 250 миллион доллар төленеді.

Кейіннен инвестор 3 миллиард доллардан астам инвестиция салуға міндеттенеді, оның 1,3 миллиард доллары келесі жылы салынады.

Қысқа мерзімді перспективада ұлттық инвестордың алдына мынадай міндеттер қойылады:

  • қолданыстағы ұжымдық шартты және кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін қолдау;
  • өндірістік қауіпсіздік көрсеткіштерін және экологиялық жағдайды түбегейлі жақсарту;
  • өндірісті жаңғырту және қайта ұйымдастыру;
  • өнім көлемін, ассортиментін және түрлерін арттыру.

Компания инвестордың лауазымды тұлғаларының егжей-тегжейлі түсініктемелері кәсіпорын қызметіне талдау жүргізілгеннен кейін берілетінін хабарлайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: