Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дауылды ескерту, Қазақстан Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 10 желтоқсанда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерінде тұман түседі. Облыстың таулы аудандарында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Таңертең және түстен кейін Шымкентте тұман болады деп болжанады. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Ақтауда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Кейде көктайғақ болады деп күтілуде. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 

11 желтоқсанда таңертең және түстен кейін Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, 12 желтоқсанға қараған түні өңірдің таулы аудандарында қалың қар жауады. 10-12 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түсіп, жаяу бұрқасын жүреді. 10 желтоқсанда көктайғақ болады. 10-12 желтоқсанда өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар жауады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Алматы мен Қонаевта тұман болады.

Семей қаласында 9 желтоқсанда сағат 21.00-ден 10 желтоқсанда сағат 21.00-ге дейін күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҚМЖ туралы ескерту өз күшіне қала береді. 

9 желтоқсанда сағат 21.00-ден 10 желтоқсанда сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты жарияланған екінші дәрежелі ҚМЖ ескертуі өз күшіне қала береді. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше үйлесімі болып табылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: