Ақтау әкімі: Мамандар магистральды құбырдағы ақауды жөндеп жатыр
Сурет: Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтауда бірнеше шағын ауданды жылумен қамтитын магистральды жылу құбырында апат болып, жылу беру уақытша шектелді. Қазір апаттық орында "Каспий жылу, су арнасы" МКК мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау әкімі Ұлықбек Тінәлиев апат болған жерге барып, жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Сондай-ақ оқиға орнына Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевта барып, коммуналдық мекеме басшыларымен және уәкілетті орган өкілдерімен жедел жиналыс өткізді.
"Құрметті тұрғындар ақау болған жер анықталып, екі жақтан ысырмалар жабылып, қысымы азайтылды. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев осы жерге өзі келіп, коммуналдық қызметкерлермен жиналыс өткізіп, тапсырмасын берді. Аталған жиналыста осы ақауды реттеу мәселесімен қатар, болашақта да қандай жұмыстарды жасайтынымызды, яғни тез арада шұғыл қолға алатын шараларды талқыладық. Барлық техника жұмылдырылды. Қазір құбырларды алып келіп, осы жерде ауыстыру мәселесін қарап, арнайы жоспар бекітілді". Ақтау әкімі Ұлықбек Тінәлиев
Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы бірнеше шағын ауданды жылумен қамтитын магистральды жылу құбырында апат болып, жылу беру уақытша шектелген еді.
Оқи отырыңыз
Бүгін - Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript