Астанада үш қиылыс уақытша жөндеуге жабылады

Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы үш жолайрықта орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты жолдар кезең-кезеңімен толықтай жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жөндеу жұмыстарына байланысты келесі қиылыстарда қозғалыс уақытша шектеледі:
- Абылай хан даңғылы / Манас көшесі: 9 мамыр сағат 21:00-ден 10 мамыр сағат 07:00-ге дейін;
- Абылай хан даңғылы / Б. Майлин көшесі: 10 мамыр сағат 21:00-ден 11 мамыр сағат 07:00-ге дейін;
- Абылай хан даңғылы / И. Жансүгіров көшесі: 11 мамыр сағат 21:00-ден 12 мамыр сағат 07:00-ге дейін.

Сурет: Астана әкімдігінің сайты
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыстағы мүмкін өзгерістерді ескерулерін сұраймыз", - деп хабарлады Астана әкімдігі.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript