Астанада Арқар көпірі уақытша жабылады

Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арқар көпірі (М1) бойынша деформациялық тігісті жөндеу бойынша жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған байланысты, 10-20 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан ұйымдастырылады.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз".
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript