Алматы облысындағы Талғар ауданында екі ауылдың шекарасына өзгеріс енгізілмек
Сурет: Zakon.kz
"Талғар ауданы елдімекендерінің шекараларын (сызығы) өзгерту туралы" Талғар ауданы әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың шешімі әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен, Кеңдала ауылдық округі бойынша мынандай шешім қабылданды:
- Ақдала ауылының шекарасын (шегі) 29,9947 гектарға азайта отырып, яғни Ақдала ауылының жалпы ауданы 705,433 гектар көлеміндегі жаңа шекарасын белгілеу арқылы өзгертілсін;
- Кеңдала ауылының шекарасын (шегі) 59,2225 гектарға азайта отырып, жалпы ауданы 220,806 гектар көлеміндегі Кеңдала ауылының жаңа шекараларын белгілеу арқылы өзгертілсін.
Құжат 26 желтоқсанға дейін қоғамдық талқы үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылды.
Бұған дейін Алматы облысында Қонаев қаласының шекаралары өзгергені хабарланған болатын. Ал Жетіген ауылы қалаға айналып, жаңа атауға ие болмақ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript