Алматылық оқушылар аязға байланысты қашықтан оқуға көшіріле ме
Сурет: Zakon.kz
Алматыда алдағы екі күнде -27°С-қа дейін аяз болады деп болжанды. Қалалық білім басқармасы қашан және қандай жағдайда балалар қашықтан оқуға көшірілетінін нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Алматы қалалық білім басқармасы қолайсыз ауа райына байланысты балаларды онлайн оқытуға көшіру туралы бұйрық қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ауа райының қолайсыздығы туралы хабарламасы негізінде шығарылатынын нақтылады.
Оқушыларды қашықтықтан оқытуға көшіру үшін температура көрсеткіштері мынадай болуы керек:
- -25-29°С және одан төмен, желдің жылдамдығы 2-4 м/с – 0-4 сыныптар;
- -25-29°С және одан төмен, желдің жылдамдығы 5 м/с және одан жоғары – 0-9 сыныптар;
- -30-34°С және одан төмен, желдің жылдамдығы 2-4 м/с – 0-9 сыныптар;
- -30-34°С және одан төмен, желдің жылдамдығы 5 м/с және одан да көп – 0-11 (12) сыныптар, колледждердің 1-2 курс студенттері;
- -35°С және одан төмен, желдің жылдамдығы 2 м/с және одан да көп – 0-11 (12) сыныпта, колледж студенттері (1-2 курс).
"Қазір Алматыда барлық мектеп оқушылары дәстүрлі оффлайн форматта білім алып жатыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақ тоқтатылған жағдайда оқушылардың ата-аналары үшін ақпарат басқарма мен аудандық білім бөлімдерінің сайтында жарияланады", – деп түсіндірді Алматы қалалық білім басқармасы.
Айта кетейік, Алматыда 13-14 желтоқсан аралығында -23-27°С дейін қатты аяз болады деп болжанды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript