Солтүстік Қазақстанда ауылдық әкімдік өртенді

Солтүстік Қазақстанда ауылдық әкімдік өртенді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2023 15:38 Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысының Воскресеновка ауылында 11 желтоқсанда әкімдік өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 желтоқсан күні сағат 23:41-де өрт сөндіру бөліміне көшенің мекенжайы бойынша хабарлама түскен. Яғни Строительная 1, Воскресенов ауылдық округі әкімдігінің 1955 жылы салынған әкімшілік ағаш (бөрене) ғимараты өртеніп жатыр деген ақпарат түсті.

Өрт салдарынан әкімдік ғимараты толығымен жанып кетті (ауданы – 80 ш.м.).


"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - жылыту пешін орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы", - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда жеке үйлердің бірінде қатты өрт шыққан болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: