Алматы облысында бір отар қойды баққан екі шопан адасып кеткен
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, болжамды геолокациядан өзге ақпарат жоқ, себебі жоғалған адамдармен байланыс болмаған. Республикалық жедел-құтқару жасағының 10 адамнан тұратын жедел құтқару тобы, оның ішінде 1 кинологиялық есеп өтімдігі жоғары үш автотехникамен ер адамдарды іздеуге шықты. Базадан іздеу орнына дейінгі арақашықтық 138 шақырым болған.
Сағат 02:40-да құтқарушылар шопандарды Жартас ауылы ауданында даладан іздеуге кірісті. Іздеу операциясы жүргізілген кезде далада қатты жел, боран, аяз болды.
Сағат 09:55-те жоғалған бірінші шопан табылды, сағат 10:15-те екінші шопан да табылды. Екеуі де Жартас ауылы ауданында даладан табылды.
Адамдар қатты аязға қарамастан үсіп қалмаған, зардап шекпеген. Шопандар далада бағытын жоғалтып, адасып кеткен екен. 1984 және 1982 жылы туған екі адам құтқарылды.