Жаңалықтар тізбегі
0

Сарыағашта бір отар қойды ұрлап сатқан күдіктілер ұсталды

Күдікті, Түркістан облысы, Сарыағаш, бір отар қой, ұрлау, сату, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2024 19:57 Сурет: polisia.kz
Сарыағаштық полицейлер жайылымнан бір отар қойды қолды еткен екі күдіктіні ұстады. Олардың бір түн ішінде мал жайылымынан 30-дан аса қойды көлікке тиеп әкеткені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктілер ұрланған қойларды 15-20 мың теңгеден сатып, ақшаларын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

"Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі - 1,5 миллион теңге. Тәртіп сақшылары бұдан бөлек олардың дәл осындай  мал ұрлығына қатысты бес фактісін анықтады", делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін Түркістан облысында бір дүкенге үш рет ұрлыққа түскен ұрының ұсталғаны хабарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: