Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі екі көлікпен соқтығысты: екі медицина қызметкері зардап шекті
Сурет: polisia.kz
Жетісу облысы Ақсу ауданында үш автокөлік жол апатына ұшырады. Салдарынан екі медицина қызметкері зардап шекті. Жол апатын тексерумен аудандық полиция қызметкерлері айналысып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты Алматы – Өскемен автожолының 337 шақырымында болды, онда Mazda-626 жеңіл автокөлігі, КамАЗ жүк көлігі және JAC көлігі (жедел жәрдем көлігі) соқтығысты.
Жол апатынан екі дәрігер зардап шекті, олар әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің бірі кейін амбулаториялық емделуге жіберілді.
Автокөліктер арнайы автотұраққа орналастырылған.
Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript