Қардың қалың түсуіне байланысты бес өңірдің жолдарында көлік кептелісі байқалады

Көлік кептелісі,  Жамбыл, Түркістан, Жетісу, Маңғыстау, Алматы облыстары, қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2023 19:21 Сурет: pixabay
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассаларда көлік кептелісі байқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бес күні бойы ауа райының қолайсыз жағдайлары орын алуда: қардың көп түсуі, температураның күрт төмендеуі, кей жерлерде боран мен екпінді жел ұйытқып тұр. Осыған байланысты Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Маңғыстау облыстарындағы республикалық трассаларда автокөліктердің ұзын-сонар  кептелісі орын алды", делінген "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ құзырлы мекеме республикалық маңызы бар автожолдарда жол тазалаушылар күшейтілген режимде жұмыстар жүргізіп жатқанын нақтылайды. 

"Дәл қазіргі уақытта республикалық автожолдар желісінде қысқы ұстау жұмыстарына 528 бірлік техника, 1231 жол қызметкері жұмылдырылып, 1623 текше метр көктайғаққа қарсы материал жұмсалды".

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: