Атырау облысында жүкті әйел жансақтау бөлімінде қайтыс болды
Сурет: Zakon.kz
Атырау облысында Махамбет ауданының тумасы 29 жастағы жас келіншек жүктіліктің 36-аптасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқас 5 желтоқсанда "жедел фарингит" диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Марқұмның артында бір жасар баласы қалды, деп жазды "Ақ жайық" басылымы.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript