Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда құтқарылған қоқиқаз балалапандарын Алматы хайуанттар бағының қызметкерлері алып кетті

Қоқиқаз, балапан, Ақтау, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2023 20:42 Сурет: видеодан алынды
Қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев Ақтауда мұз құрсаудан құтқарылған қоқиқаз балапандары Алматыға "ұшып" кеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылы 15 желтоқсанда Instagram-дағы парақшасында ол Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері балапандарды толық тексеріп, олардың өздерін жақсы сезінетінін және ұшуға төтеп бере алатынын айтқанын жазды

"Хайуанаттар бағы маманының айтуынша, балапандар қатты күйзеліске ұшырап, аязда тонған. Егер көшедегі күйі кеткен балапандарды үйге кіргізіп алмағанда, олар өлуі мүмкін еді. Балапандардың болашақ тағдыры әлі анық емес, өйткені олар мына аязда өздігінен өмір сүре алмайды, көктемге дейін олар хайуанаттар бағына үйренісіп кетуі мүмкін. Ал содан кейін олар жабайы табиғатқа жіберілгенде, оған бейімделе алмай өліп кетуі де мүмкін. Ең дұрысы, қалай олар қоң жинайды, солай, яғни көктемде босатылады". Азамат Сәрсенбаев

Айтқандай, белсенді оларды арнайы жабдыққа салып, тасымалдайтынын да нақтылай кетті. 

Сәрсенбаев 11 желтоқсанда аязда мұздап, қатқан қоқиқазды құтқарып, бұл туралы әлеуметтік желіде жазды. Кейінірек ол үйірінен қалып кеткен тағы бір балапанды өз асырауына алды. Дегенмен блогер табиғатты қорғау инспекциясы Қызыл кітапқа енген жануарды үйде ұстағаны үшін оған айыппұл салмақшы екенін жеткізді. Бірақ ол тек қиын жағдайға тап болған құсты құтқарғысы келгенін айтады. 

Кейін ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі Азамат Сәрсенбаев өзі құтқарған қоқиқаз балапандары туралы табиғат қорғау органдарына хабарламағанын мәлімдеді. Блогердің үйінде сирек кездесетін құс бар екенін ведомство қызметкерлері әлеуметтік желіден білген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: