Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда қоғам белсендісі құтқарған қоқиқаз балапандарының бірі өліп қалды

Қоқиқаз балапандары, Азамат Сәрсенбаев, Алматы, Ақтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2023 13:35 Сурет: Instagram/azamat_sarsenbayev
Қоғам қайраткері Азамат Сәрсенбаев желіде өзі құтқарған балапандардың бірі Алматыдағы хайуанаттар бағына жетпегенін, жолды көтере алмағынын жазды , деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Ақтау портынан шала-жансар күйде тауып алған балапаны жолды көтере алмай өліп қалғанын айтады.

"Тауып алғанда ол шала-жансар күйде еді, екі күн бойы тамақ ішпеді, суық ангарда болды. Өкінішті, ветеринарлар келгенге дейін оны жақсылап тамақтандыруым керек пе еді?.. Қап, бір өкініш өзегімді өртейді, оны ұшуға дейін жақсылап дайындауыма болар еді деген. Өте өкінішті. Бірақ, соған қарамастан, балапандардың бірі аман (оны бір аптаға жуық уақыт бойы күтіп-баптағам), қазір ол хайуанаттар бағында, соған да шүкір", – деп жазды блогер Instagram-да.

Айта кетсек, Сәрсенбаев 11 желтоқсанда аязда мұздап, қатқан қоқиқаз балапанын құтқарып, бұл туралы әлеуметтік желіде жазды. Кейінірек ол үйірінен қалып кеткен тағы бір балапанды өз асырауына алды. Дегенмен блогер табиғатты қорғау инспекциясы Қызыл кітапқа енген жануарды үйде ұстағаны үшін оған айыппұл салмақшы екенін жеткізді. Бірақ ол тек қиын жағдайға тап болған құсты құтқарғысы келгенін айтады. 

Кейін ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі Азамат Сәрсенбаев өзі құтқарған қоқиқаз балапандары туралы табиғат қорғау органдарына хабарламағанын мәлімдеді. Блогердің үйінде сирек кездесетін құс бар екенін ведомство қызметкерлері әлеуметтік желіден білген. Осыдан кейін балапандарды алып кету үшін белсендінің үйіне Алматы хайуанаттар бағының қызметкерлері келген. Олар қос балапанды арнайы жабдықта ұшақпен әкететіндерін айтқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: