Тоқаев қоғам қайраткері Ғани Қалиевтің отбасына көңіл айтты
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Ғани Қалиевтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі саясаткер және қоғам қайраткері, ғалым Ғани Қалиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
"Ғани Әлімұлы ауыл шаруашылығы саласының алға басуына бар күш-жігерін жұмсады. Парламент депутаты, "Ауыл" партиясының төрағасы ретінде еліміздің саяси-демократиялық дамуына атсалысып, отандық заңнаманы жетілдіруге зор үлес қосты. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын," - деп жазылған жеделхатта.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript