Алматыда бес мекеме ұжымы бір мезетте Әнұран орындады
Сурет: видеодан алынды
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған патриоттық челленджді прокурорлар, сот қызметкерлері, өрт сөндірушілер, мемлекеттік қызметкерлер мен полиция қызметкерлері қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бес ұжым, атап айтқанда: Алматы қаласының прокуратурасы, ҚР Сот әкімшілігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Жетісу ауданы әкімінің аппараты, сондай-ақ Алматы қаласының полиция департаменті қызметкерлері мемлекеттік Әнұранды бір мезетте орындады.
Видеоны ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі ұсынды.
Оқи отырыңыз
Бүгін - Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript