Қостанай өңірінде полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Полиция, Қостанай облысы, Тәуелсіздік күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2023 11:15 Сурет: Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі
Мереке күндерінде 900-ден астам полицей мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Қостанай облысында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен қала тұрғындарының бос уақытын өткізетін орындарда бақылау күшейтілді, деп жазады alau.kz.

"Көшеде және қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтауға, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелеріне, оның ішінде мас күйінде көлік жүргізу фактілерін анықтауға ерекше назар аударылатын болады", делінген хабарламада.

Қостанай облысының полиция департаменті азаматтардың назарын заңның мүлтіксіз сақталуына аударады.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ел өміріндегі айтулы дата - Тәуелсіздік күнімен құттықтаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: