Жаңалықтар тізбегі
0

Панфилов ауданының әкімі Тәуелсіздікке жаңа смартфон сыйлады

Тәуелсіздік, сматфон, Панфилов ауданының әкімі, Тәуелсіздік күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2023 11:47 Сурет: Zakon.kz/Лариса Штоппель
Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында дүние келген тұңғышына ата-анасы Тәуелсіздік деген есім берген. Бұл ерекше есімді мақтанышпен алып жүрген ол қазір 12 жаста, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәуелсіздік Батырбекұлының отбасы Панфилов ауданы Көктал ауылында тұрады. Ата-анасы мал шаруашылығымен айналысады. Нүсіповтардың үш баласы бар.

"1986 жылғы желтоқсан оқиғалар кезінде көп жас қаза тапты, олардың екеуі біздің Панфилов ауданынан болады. Ләззат Асанова Ақжазық ауылында дүниеге келген (қазір Айдарлы), мектепті бітіргеннен кейін музыкалық училищеге түсіп, 1986 жылы желтоқсанда түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Кейін шындықтың беті ашылып, ол сол қатал күндердің символына, қаһарманына айналды. Ербол Сыпатаев біздің ауылдан шыққан. Ол Алматыда энергетика институтының 2-ші курсында оқып жүрген. Желтоқсан оқиғасы кезінде алаңда болып, сол кездегі қырғында қаза тапты. Міне, осы және басқа да көптеген өрімдей қыз-жігіттер бүгінгі еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігіне соқпақ жол салып берді", – деді Батырбек Нүсіпов.

Баланың әкесінің айтуынша, мұндай ерлікті ұмытуға еш болмайды. Қазіргі және болашақ ұрпаққа сол уақыттың жарқын сәттерін ұдайы жеткізіп отыру керек.

Тәуелсіздік, Талдықорған, Панфилов ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2023 11:47

Сурет: Zakon.kz/Лариса Штоппель

"Тұңғышымыз дүниеге келсе, тіпті Тәуелсіздік күніне дейін де әйелім екеумізде "ұлымызға Тәуелсіздік деген есім берсек қалай болады" деген идея келді. Иә, ерекше атау, бірақ оның мағынасы терең. Көптеген адам таң қалды, бірақ бұл есім баламызға бақыт әкелетіндігіне сенімді болдық. Қысқасы, осылай болды. Біздің ұлымыз атына лайық адам болып өсіп келеді. Ол қазір - 12 жаста, 7-сыныпта оқиды. Мұғалімдер оның еңбекқорлығын, адалдығын, аса жауапты екенін мақтап айтып отырады. Ол оқу үздігі, сынып басшысы. Қоғамдық жұмыстармен айналысқанды, достарына және мұқтаж адамдарға көмектескенді ұнатады. Біз ұлымызды мақтан тұтамыз!"- деп сөзін қорытындылады Батырбек Нүсіпов.

Панфилов ауданының басшысы ерекше есімді баланы айтулы датада елеусіз қалдырмады. Мереке қарсаңында әкім Тәуелсіздікке жаңа смартфон сыйлады.

Сонымен қатар, Жетісу облысының әкімшілігі Талдықорғанда желтоқсан оқиғасына қатысушылардың құрметіне ескерткіш орнату туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. Бүгінгі таңда қалалық комиссия бірнеше эскиздік жобаларды қарастырып үлгерген. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: