Алматы көшелеріндегі қарды тазалауға 800-ден астам жол қызметкері шықты
16 желтоқсан күні сағат 16:30-дан 19:00-ге дейін 121 құм таратқыштың күшімен бекітілген маршруттар бойынша көктайғаққа қарсы материалдар себілді. 1416 тонна көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды.
Жолдан қар массасын тырмалау мен сыпыру түнгі сағат 02:00-ден бастап жүргізілді.
Сағат 05:00-ден бастап көктайғақтың алдын алу үшін негізгі магистральға көктайғаққа қарсы сұйық реагент себілді. Сағат 08.00-ден бастап күндізгі кезеңде техниканың шығуы ұйымдастырылды. Тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазалау жұмыстары жалғасуда. 17 желтоқсан күні сағат 09.00-дегі жағдай бойынша 2754 м3 қар шығарылды.
Түнгі кезеңде 354 бірлік арнайы техника мен 421 жол жұмысшысы, күндізгі кезеңде 344 бірлік арнайы техника мен 840 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарын бақылау бойынша тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды.
"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша ауа температурасы бүгін күндіз -1...-3 градус болады.