Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық кәсіпкер Оңтүстік Корея президентінің сыйлығына ие болды

Оңтүстік Корея, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2023 13:04 Сурет: видео скрині
Қазақстандық кәсіпкер Оңтүстік Корея президентінің сыйлығына ие болды, жүлдені Президент Юн Сок Ель атынан Дмитрий Лиге Инчхон қаласының мэрі табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан азаматы басқарып отырған компания бір жыл ішінде 30 миллион долларға тауар экспорттап, жергілікті биліктің ерекше ықыласына бөленген. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасы хабарлады.

Дмитрий Ли Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға 2019-шы жылы көшіп барған. Бастапқыда жүргізуші болып жұмыс істеп, кейін көлік экспортымен айналысатын компания құрған. Кореяға көшкенге дейін жерлесіміз еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. KAZAKH-TV арнасында ағылшын тілінде жаңалықтарды жүргізді.

"Бұл сыйлықтың иегерлері Корея экономикасына қомақты үлес қосты. Біз экспорттаушыларды жергілікті және шетелдік деп бөлмейміз. Жүлде кем дегенде 1 миллион долларға кореялық тауарларды экспорттаған бизнесмендерге беріледі". Корея сауда қауымдастығының Инчхон орталығы директоры Сим Джун Сок
"Әрине, мұнда жергілікті кәсіпкерлермен салыстырғанда, бізге, шетелдіктерге әлдеқайда қиын. Өйткені тіл мен заңнаманы жақсы біле бермейсің. Мұның бәрін зерттеуге көп уақыт қажет. Бірақ маған бірнеше шет тілді, оның ішінде ағылшын мен орыс тілін жетік білетінім көп көмектесті. Әсіресе шетелдік сатып алушылармен кездесіп, байланыс орнатуыма септігін тигізді".Автокөлік экспорттаушы компанияның басшысы Дмитрий Ли
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: