Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда келесі жылдан бастап жаңа туған нәрестелерге арнап инкубаторлар мен реанимациялық жүйелер шығарылады

Алматыда 2024 жылдан жаңа туған нәрестелерге арнап инкубаторлар мен реанимациялық жүйелер шығарыла бастайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 09:26 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда экономиканы одан әрі әртараптандыру бойынша шаралар іске асырылуда. Өңдеу өнеркәсібінің басым бағытында зәкір өндірісі бойынша жобалар іске асырылуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, 2024 жылы Wildberries логистикалық орталығы мен медициналық жабдықтарды өндіру бойынша 3 жоба іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

Атап айтқанда, операциялық шамдарды, пациенттердің төсегін, балаларға арналған инфрақызыл жылытқыштарды, фототерапияға арналған аппараттарды, аспираторлар, жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар, реанимациялық жүйе, ультрадыбыстық аппараттар, ЭКГ, цифрлық рентгенография жүйелерін өндіретін болады.

2025 жылы "Changan", "Сһегу" мен "Haval" мультибрендтік автозауыты, Knauf Insulations жылу оқшаулағыш материалдар зауыты, 6 фармацевтика мен медициналық жабдықтарды өндіру бойынша тағы 4 жоба іске қосылады.

Ал 2026 жылы "ORBIS MANUFACTURING" жеңіл автомобильдер шығаратын зауытты іске қосу жоспарлануда. Осылайша Алматы экономикасындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2024 жылы 5,6%-ға дейін және 2025 жылы 6,6%-ға дейін ұлғаяды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: