Павлодар облысында көлік тосолы ағып кетіп, жолаушыны күйік шалды

жедел жәрдем, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2023 01:04 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысыеда көлік тосолы ағып кетіп, жолаушыны күйік шалды. Оқиға Новоямышев ауылының маңында орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
"Түнде Павлодарға "ГАЗель" маркалы автокөлікпен бара жатқан едік. Новоямышев ауылының маңында тосол көліктің салонына ағып кетіп, жолаушылардың бірінің аяғы қатты күйіп қалды. Біз жедел жәрдем шақырған едік, бірақ ұзақ күту қиынға соқты", - дейді қала тұрғыны. 

Жолаушылар сол кезде жақын жерден өтіп бара жатқан полиция қызметкерлерін тоқтатып, көмек сұраған. Полицейлер бірден олардың жанына келіп, жәбірленушіні жедел жәрдем көлігіне жеткізген. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: