Павлодар облысында жол апатында мотоцикл жүргізушісі көз жұмды

Павлодар облысында жол апатында мотоцикл жүргізушісі көз жұмды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2025 18:22 Сурет: polisia.kz
Павлодар облысында жол апатында мотоцикл жүргізушісі көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы Май ауданы Қаратерек ауылының маңында болды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Курчатов-Атамекен автожолының 163 шақырымында Audi-80 автокөлігі мен Sonik мотоциклі  соқтығысқан. 

Салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жеткізілген кезде алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: