Жаңалықтар тізбегі
0

Досаев Алматыда студенттік жатақханалар тапшылығы мәселесі қашан толық шешілетінін айтты

Алматы, студент, жатақхана, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2023 15:11 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда студенттік жатақханалар тапшылығы мәселесі 2030 жылға қарай толық шешіледі. Бұл жөнінде ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала басшысының сөзінше, Алматыда жатақханалар салу бойынша жұмысты тиімді үйлестіру үшін Жобалық кеңсе іске қосылған. Жобаларды қолдауға 114 әлеуетті инвестор жүгінді.

"Бүгінгі таңда жұмыста 42 452 төсек-орынға арналған 47 жоба бар, оның ішінде 33 нысан 38 740 төсек-орынға арналған жаңа жатақханалар салуды, 15 нысан 3 712 төсек – орынға арналған жатақханалар ретінде бар нысандарды қайта жаңартуды көздейді. Қалған 67 инвестордың жобалары бойынша жер учаскелерін іздеу жұмыстары жүргізілуде", – деді Ерболат Досаев.

Қазіргі уақытта Алматының 23 жатақханасында 3,8 мыңға жуық студент тұрады. 2025 жылдың соңына дейін қалада 12 мың төсек-орын, ал 2030 жылдың соңына дейін тағы 20 мың төсек – орын құрылады, бұл жатақхана тапшылығы мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді.

Еске салсақ, "Білім туралы" заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттерге тұрғын үй беру және оларды жатақханалармен қамтамасыз ету бойынша біліктілік талаптары күшейтілді. Енді ЖОО-дары осы шартты сақтамаса, онда олар лицензиясынан айырылады және білім беру қызметін іске асыра алмайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: