Алматыда сыртқы жарықтандыру 2025 жылға қарай шешіледі
Сурет: Zakon.kz
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Әкімдіктің хабарлауынша, тамыз айында Алмалы ауданы әкімдігінің сыртқы жарық бойынша қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобасы іске қосылды және оң нәтиже көрсетті. Қысқа мерзімде өтінімдерді қарау уақытын 4 есеге (20 тәуліктен 5 тәулікке дейін) қысқартуға мүмкіндік туды. 4 830 шам ауыстырылды, 49,3 км сыртқы жарықтандыру желілері қалпына келтірілді.
"Нәтижесінде Алмалы ауданында жанбайтын жарық нүктелерінің үлесі 47%-дан 25%-ға дейін төмендеді. Алмалы ауданының оң тәжірибесін ескере отырып, қараша айында қалған 7 аудан "Алматы Қала Жарық" МКК-мен шарт жасасты. Сыртқы жарықтандыруды қамтамасыз ету аудандарға берілді. Бұл сонымен қатар қала тұрғындарының сұраныстарына жедел жауап беруге ықпал етті", - деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Сапалы сыртқы жарықтандыру үлесі 2024 жылы 85%-ға және 2025 жылы 100%-ға дейін жеткізіледі.
Анықтама: қазір міндеттемелерді жосықсыз орындау себебінен 2018 жылы жасалған шарт бойынша МЖӘ аясында жеке әріптеспен сот талқылаулары болып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript