Алматының алдағы 3 жылға арналған бюджеті әлеуметтік бағдарлануын сақтайды

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясында мәлімдеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2023 11:15 Сурет: unsplash
Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясында мәлімдеді.

"Егер 2022 жылдың аяғында әлеуметтік саланың бюджеті 506,4 млрд теңгені құраса, 2023 жылы ол 160 млрд теңгеге – ағымдағы жылдың қараша айында 665 млрд теңгеге дейін өсті. 2024 жылы әлеуметтік салаға 726 млрд теңге бөлу жоспарлануда, бұл Алматы қаласының бюджет шығыстарының 44,7%–ын құрайды", - деді Ерболат Досаев.

Қала басшысы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және модернизациялауға, білім беру және денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: