Боран мен көктайғақ салдарынан Қазақстанның алты облысында 20 жол жабылды
Сурет: pixabay
2023 жылғы 22 желтоқсандағы сағат 00:00-дегі жағдай бойынша 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 20 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі, көктайғақ, жаңбыр) енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол"-дың мәліметінше, шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
"Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 324 бірлік техника жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін елімізде қолайсыз ауа райына байланысты тоғыз жол жабылғанын жазған едік.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript