Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты тоғыз тас жол ішінара жабылды

Тас жол, қолайсыз ауа райы, жол жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2023 21:26 Сурет: pixabay
2023 жылы 21 желтоқсанда сағат 20.00-дегі жағдай бойынша, еліміздің төрт облысындағы республикалық маңызы бар тас жолдардың 9 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, боран соғып, айналаның көріну деңгейінің күрт төмендеуіне байланысты Жетісу облысында "Үшарал-Достық" тас жолының 84-184 шақырым аралығы, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін - 100 км.

Ақмола облысында боран соғып, көктайғақтың болуы, айналаның көріну деңгейінің күрт төмендеуіне байланысты екі жол учаскесі жабылды:

  • "Екатеринбург-Алматы" тас жолы,1292 - 1353 км, Жібек Жолы ААБ. учаскесінен Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 км;
  • "Астана-Қабанбай батыр – Нұра-Теміртау" тас жолы, 37-51 км, Қабанбай батыр ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін – 14 км.

Қарағанды облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдардың 5 учаскесі жабылды:

  • "Екатеринбург-Алматы" тас жолы, 1353-1426 км, Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ААБ-ға дейін - 73 км.;
  •  "Екатеринбург-Алматы" тас жолы, 1505-1610 км, Новостройка ауылынан Ақсу, Аюлы ауылдарына дейін – 105 км.
  • "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" тас жолы, 51-101 км, Ақмола облысының шекарасынан Нұра ауылына дейін - 50 км.
  • "Қызылорда-Павлодар" тас жолы, 788-906 км, Ұлытау облысының шекарасынан Топар ауылына дейін - 118 км.
  • "Екатеринбург-Алматы" тас жолы, 1610-1855 км, Ақсу, Аюлы ауылдарынан – Балқаш қаласына дейін - 245 км.

Ұлытау облысында "Қызылорда-Павлодар" тас жолы, 756-788 км, Жаңаарқа ауылынан Қарағанды облысына дейін - 32 км. автокөліктің барлық түрлеріне шектеу енгізілді.

Айта кетсек, 22 желтоқсанда Астана мен еліміздің 13 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: