Жаңалықтар тізбегі
0

Кей жолдарда көлік қозғалысына қойылған шектеулер алынып тасталды

ҚазАвтоЖол, тас жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2023 09:18 Сурет: pixabay
"ҚазАвтоЖол" мамандары күн райының жақсаруына байланысты кей жолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметі бойынша, республикалық маңызы бар тас жолдың үш учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашық:

  • "Екатеринбург – Алматы" а/ж (1353-1426 км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау );
  • "Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау" автомобиль жолы (51-101 км, Ақмола облысының шекарасы – Нұра ауылы);
  • "Қызылорда – Павлодар" а/ж (788-906 км, Ұлытау ауданының шекарасы – Топар ауылы).

Сонымен қатар республикалық маңызы бар "Екатеринбург – Алматы" тас жолының (1505-1610 км, Новостройка ауылы – Ақсу-Аюлы ауылы) учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол ашық болады.

Бұған қоса республикалық маңызы бар "Екатеринбург – Алматы" тас жолының (1610-1854 км, Ақсу-Аюлы ауылы – Балқаш) учаскесінде қоғамдық және жүк көліктері үшін қозғалыс шектеулері алынып тасталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: