Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда 52 млн теңгенің шыршасын қойып жатыр

Павлодарда 52 млн теңгенің шыршасын қойып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2023 12:10 Сурет: pixabay
Павлодар орталық алаңға 52 млн аса теңгенің шыршасы қойып жатыр. Оның биіктігі 30 метр болмақ.

Шыршадан бөлек мейрамның көркін қыздыруға арналған безендіру жұмыстарына да қыруар қаржы бөлініпті, деп жазады qazaqstan.tv.

Ертіс жағасында мұздан қалашық құйылады. Оның құны 53 млн теңге. Сырғанақ, ертегілер кейіпкері бәрі сол жерде болады. Одан басқа қаланы безендіру үшін 80,5 млн теңге қаржы жұмсалады. Бүркіт пен шаңырақ бейнесіндегі әсем фигураларды қойып самаладай жарқыраған шамдармен безендіреміз. Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары

Биыл биік әрі алып мұз қалашықтарын салуға және ұзын сырғанақтар жасауға күн райы ырық бермейді. Бірақ, қыруар қаржы бөлерде әкімдік мұны ескеріп, сараптамаған сияқты. Осылай деп қоғамдық ұйымдар наразылық білдіріп жатыр. Құқық қорғау органдары болса, бөлінген қаражаттың игерілуін тексермек.

Жаңа жылдық шыршаны безендіруге байланысты сұрақтар бойынша қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа байланысты мониторинг жүргізе бастадық. Қорытындысы бойынша сіздерге қосымша хабар береміз. Мұратбек Қасымов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: