Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобус жүргізушісін ұрған ер адам қамалды
Сурет: Zakon.kz
Алматыда үш адамның өліміне себеп болған автобустың жүргізушісін ұрған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, автобус жүргізушісін ұрған ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) және ҚР Қылмыстық кодексінің 351-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ол полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда автобус бір топ адамды қағып кеткенін хабарлаған едік.
Кейінірек полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді.
Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жантүршігерлік оқиғадан жеті адам зардап шеккенін, олардың арасында бір бала бар екенін хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript